Введите номер документа
Прайс-лист

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері (120.00-нысан) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсан № 637 бұйрығымен бекітілген (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсан

№ 637 бұйрығымен

бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша
декларация жасау ережелері
(120.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ өзге де қызметтерден кірістерді мәлімдеуіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуіне арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (120.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (120.01 - 120.10 нысандар) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және былғауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.

7. Тиісті қосымша нысанның көрсеткіштерін ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде көрсетілген қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

8. Қосымша нысандардардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

9. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны беру кезінде:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом