Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер тобының базар аумағында киоскілері бар, оларда еңбек шарты бойынша жалдамалы қызметкерлер жұмыс істейді. Бір жолғы талондар сатып алу арқылы киоскілер бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға құқылымыз ба және киоскілерде фискальды жады бар бақылау-касса машинасын орнату қажет пе? (ҚР Қаржы министрлігі Салық Комитеті , 2007 жыл)
Салық кодексінің 369-бабының 2-тармағына сәйкес базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (тұрақты үлгі бөлімдерде) өткізуді қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, Салық кодексінің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа, Салық кодексінің 373-бабында белгіленген тәртіппен біржолғы талон негізінде шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша ғана жүргізіледі.
Осыған орай, базар аумағындағы киоскілерде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өткізумен айналысатын салық төлеушілер бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде жүзеге асыруға құқылы емес.