»Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысына түсіндірме беру туралы»
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 ж. 23 ақпандағы № 3 қосымша қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, К.Ж. Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
— өтініш субъектісінің өкілдері — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Шахановтың, Е.Әбілқасымовтың, А.Айталының,
— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі — Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі С.П.Нұғымановтың,
— Қазақстан Республикасы Мәдениет және акпарат министрлігінің өкілі — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы Е.З.Кажыбектің,
— Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкілі — Қазақстан Республикасы Бас прокуроры аппаратының басшысы Р.Қ-Сарпековтың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутаттарының «Қазақстан Республикасы Президентіне қол қоюға ұсынылған, 1997 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігі жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің өтінуі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 10/2 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтінішін қарады.