«Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау,
жою және алдын алу мақсатында шешімдер қабылдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2005 жылғьг 30 желтоқсандағы № 380 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 160-НҚ Бұйрығы
ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2008.29.10 № 327-НҚ Бұйрығымен күші жойылды
Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын болдырмау, жолын кесу және алдын алу мақсатында шешімдер қабылдаудың тетігін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау, жою және алдын алу мақсатында шешімдер қабылдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 380 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау, жою және алдын алу мақсатында шешімдер қабылдау жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«құқық бұзу субъектісі - Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген заңды және (немесе) жеке тұлға.»;
7-тармақтың 5) тармақшасындағы «енгізу» деген сөз «енгізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға алып келетін себептер мен жағдайларды болдырмау туралы ұсыныс жөніндегі нұсқамалардың, қаулылардың жобаларына уәкілетті органның заң қызметі бұрыштама соғады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: