Қалалар мен аудандар бюджеттеріне 2007 жылға арналған облыстық
бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер туралы
Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 26 ақпандағы № 65 қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 164 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 19/347(Маңғыстау облысының әділет Департаментінде 2006 жылы 28 желтоқсанда № 1962 тіркелген) және «2007 жылға арналған облыстык бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 12 желтоқсандағы № 19/347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 20/352 (2007 жылы 9 ақпанда № 1965 тіркелген) шешімдеріне сәйкес, облыс әкімдігі қаулы етеді:
1. Он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек үйде оқытылып, тәрбиеленетін балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін берілетін әлеуметтік көмек мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және оқу орындарында тәрбиелеуді және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға (қамқоршыға) өтініш берген айдан бастап, психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) анықтамасында көрсетілген оқу жылына тағайындалады. Тағайындауға қажетті құжаттар болып мыналар табылады:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектігін белгілеу туралы анықтамасы;
2) ПМПК-ның анықтамасы;
3) баланың тууы туралы куәлігі;
4) тұрғындар есебі кітабы;
5) арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
7) банктегі салымы жөніндегі дербес есеп шотының нөмірі.