Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы
«2007 жылғы арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қаңтарда № 3-1-63
санымен тіркелген № 284 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясының 2007 жылғы 12 ақпандағы № 309 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 91, 111, 116 баптарына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті отыз бесінші сессиясының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 284 «2007 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» әділет басқармасында 2007 жылғы 9 қаңтарда № 3-1-63 санымен тіркелген шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтағы:
«15547026» саны «15631082» санына ауыстырылсын;
«2796026» саны «2880082» санына ауыстырылсын;
«17062026» саны «14456713» санына ауыстырылсын;
«(-1515000)» саны «1174369» санына ауыстырылсын;
«(-1515000)» саны «2157000» санына ауыстырылсын;
«1515000» саны «(-2157000)» санына ауыстырылсын.
Мына мазмұндағы 15 тармақпен толықтырылсын:
2007 жылғы 1 қаңтардағы Бюджет қаржысының ерікті қалдықтары есебінен жалпы сомасы 957 млн. 701 мың теңге бөлінсін:
«Ақтөбе қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жалпы білім беру» бағдарламасына 4 млн. 294 мың теңге;
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу» бағдарламасына 1 млн. 853 мың теңге, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасына 640 мың теңге;