Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 наурыздағы № 114 Өкімі

Информация о документе
Датавоскресенье, 25 марта 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявоскресенье, 25 марта 2007

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы
№ 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 наурыздағы
№ 114 Өкімі

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

3-тармақтағы «ел мүдделерін қорғауға» деген сөздер «қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға» деген сөздермен алмастырылсын;

4-тармақта:

алтыншы абзацтағы «ұжымнан тыс еңбек ететіндер» деген сөздер «жеке-дара еңбек ететіндер» деген сөздермен алмастырылсын;

тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолдана отырып толтырылады.

«Халық қаһарманы» атағына және құрметті атақтарға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бірге 3х4 көлемді екі фотосуреті қоса жіберіліп, олардың сыртқы бетіне тектері мен аты-жөні көрсетілуге тиіс.

Дұрыс толтырылмаған және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.»;

15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлық награда құжаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде толтырылады.»;

16-тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік награда тапсырылғанға дейін награда тапсырылатын жерде наградталғандардың тізім (№ 3 нысан) толтырылады, оған награда тапсырылғаннан кейін оны алғаны туралы наградталушы жеке өзі қол қояды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами