2004 жылғы 29 қаңтардағы № 6-6 «Кейбір төлем түрлерінің ставкаларын бекіту туралы»
мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-18 шешімі
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 258, 373, 394, 491-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 6-6 «Кейбір төлем түрлерінің ставкаларын бекіту туралы» шешіміне (2004 жылғы 10 ақпаннан тіркеу № 2491, 2004 жылғы 20 ақпанда «Жайық үні» газетінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 15-6 шешімімен (2005 жылғы 21 қаңтардан тіркеу № 2854, 2005 жылғы 27 қаңтарда «Жайық үні» газетінде жарияланған), 2005 жылғы 10 тамыздағы № 25-12 шешімімен (2005 жылғы 17 тамыздан тіркеу № 7-1-13, 2005 жылғы 1 қыркүйекте «Жайық үні» газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген «Орал қаласындағы базарлар бойынша біржолғы талон бағасына»:
1) базарлар тізіміне 20-тармақты - «Жалын» базарын қосып, бір сауда орнынан тауарлар сатуға мынадай ставкалар қойылсын:
азық-түлік өнімдерін -145 теңге:
кілемдерді, кілем бұйымдарын, жиһаздарды -270 теңге;
маталарды, төсек жабдықтарын, перделерді, жапқыштарды - 145 теңге;
бағалы металдардан жасалған жүн, тері бұйымдарын, тұрмыстық машина, приборларды -210 теңге;
бейнекассеталарды, ойыншықтарды, ыдыстарды, парфюмерияларды - 210 теңге;
басқалары, сауда орнының көлемі мынаны құрайтын:
1х3 шаршы метр - 110 теңге;
1,5х3 шаршы метр - 145 теңге;
2х3 шаршы метр - 210 теңге;
3х3 шаршы метр - 290 теңге;
2) базарлар тізіміне 21-тармақты - «Алтын Алма» базарын қосып, бір сауда орнынан тауарлар сатуға мынадай ставкалар қойылсын:
азық-түлік тауарларын - 220 теңге;
өнеркәсіп тауарларын - 220 теңге;
сауда орнының ауданы 20 шаршы метрден асатын - 330 теңге;