Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандарын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының
2007 жылғы 23 ақпандағы № 10 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2007 жылғы 23 ақпандағы № 61 Бірлескен бұйрығы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2009 жылғы 6 қазандағы № 96 н/қ және ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 435 Бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 145-2-бабының 3-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері туралы есептілік нысандары (бұдан әрі - есептілік нысандары) бекітілсін.
2. Есептілік нысандарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті), мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері қолданады деп белгіленсін.
3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Б.Ж.Алшымбаев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Есеп комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшылары Б.Ж.Алшымбаев пен Б.А.Парсегов мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша есептіліктің бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік жасайтын Есеп комитетінің мүшесі А.Б.Зейнелғабдинге және Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Б.Т.Сұлтановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төрағасының міндетін атқарушы
2007 жылғы 11 наурыз