Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 2/189 қаулысының орындалу барысы және тіл саясатын жетілдірудің басты бағыттары туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 2/357 қаулысы
«Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 2/189 қаулысының орындалу барысы» және «Тіл саясатын жетілдірудің басты бағыттары туралы» баяндамаларды тыңдап, талқылай келе Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру туралы» № 2/189 қаулысының орындалу барысы» және «Тіл саясатын жетілдірудің басты бағыттары туралы» баяндамалар назарға алынсын.
2. Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру 2007 жылдан бастап жүзеге асырылды деп саналсын.
3. Аудан әкімдері және департаменттер мен басқармалардың бірінші басшылары: