«Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық
бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы
VІ сессиясының № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007 жылғы 2 наурыздағы № 354 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы VІ сессиясының № 59 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3753 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2004 жылғы 7 мамырда жарияланған, «Қызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы VІ сессиясының № 59 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 14 желтоқсандағы XII сессиясының № 123 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4070 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінде 2005 жылғы 7 қаңтарда жарияланған) енгізілген өзгерісімен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «2004-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім 2006 жылғы 29 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ
сессиясының төрағасы