Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскер құрылымдарына азаматтарды
2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 171 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссия құрамы бекітілсін.
2. Қалалардың және аудандардың әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерге (басқармаларға) керек мөлшерде дәрігер-мамандар мен техникалық қызметкерлерді бөлсін;
2) шақыру және медициналық комиссиясын өтуі yшін және оларды әскери қызметті өтеу yшін жіберілуіне алыс жерлерде тұратын азаматтардың жеткізілуін қамтамасыз етсін;
3) әскери қызметті өтеу yшін жіберілгендерді салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шараларды ұйымдастырсын;
4) шақыру пункттерін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, көлік құралдарымен, сонымен қатар байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
5) хабарлау, шақыруды жүргізу, медициналық куәландыруды және шақырушыларды аудандық және қалалық шақыру пункттеріне, облыстық жиналу пунктіне, медициналық комиссияға жеткізу және әскерге жіберу бойынша шараларды орындауға байланысты шығындар облыстық, аудандық және қалалық бюджет есебінен қарастырылған қаржы шегінде жүргізілсін;