Жоба
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы
ҚР 2007 жылғы 14 сәуірдегі № 283 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20-тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы IV тоқсанда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президент
Астана, Ақорда 2007 жыл
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасарлары мен комиссия мүшелерінен тұрады.
4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары