«2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту»
аймақтық бағдарламасын бекіту туралы
Қызыллорда облыстық мәслихатының ІХ сессиясының 2004 жылғы 25 маусымдағы № 89 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының жаңа саясатын жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 11-7/И-368 тапсырмасын жүзеге асыра отырып, облыс халқын құны бойынша қол жететіндей тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
«2005-2007 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы тұрғын үй құрылысын дамыту» аймақтық бағдарламасы (қоса берілді) бекітілсін.
Облыстық Мәслихаттың
ІХ сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2004 жылғы 25 маусымдағы
IX сессиясының № 89 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың
2005-2007 жылдарға арналған
АЙМАҚТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда қаласы, 2004 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы |