Облыстық мәслихаттың (III сайланған XXII сессиясы) 2006 жылғы
12 желтоқсандағы «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы»
№ 99/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/24 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24-сәуірдегі Бюджет кодексінің 111-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат шешім етедi:
1. Облыстық мәслихаттың (III сайланған XXII сессиясы) 2006 жылғы 12 желтоқсандағы «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 99/22 шешіміне (әділет департаментінде 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 3076 болып тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы 150-санында, «Звезда Прииртышья» газетінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы 148-санында жарияланған) 2007 жылғы 23 қаңтардағы «Облыстық мәслихаттың (III сайланған XXII сессиясы) 2006 жылғы 12 желтоқсандағы «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 99/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әділет департаментінде 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 3078 болып тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінің 2007 жылғы 1 ақпандағы 13-санында жарияланған, «Звезда Прииртышья» газетінің 2007 жылғы 3 ақпандағы 14-санында жарияланған) № 3/23 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 43109117 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 14166612 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 93852 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 28848653 мың теңге;
2) шығындар - 42850746 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 258371 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - - 1547307 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1002000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2549307 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 111265 мың теңге, соның ішінде: