7 мамыр — Отан қорғаушы күнін және 9 мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 62 жыл толуын мерекелеу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 3 мамырдағы № 127 бұйрығы
Құрметті Ұлы Отан соғысынын және Қарулы Күштердің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің генералдары мен офицерлері, сержанттары мен сарбаздары, жұмысшылары мен қызметкерлері!
7 мамырда егемен мемлекет — Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына 15 жыл толады. Осы күнді біз Отан қорғаушы күні ретінде атап өтеміз. Қазақстан армиясының төл мерекесі басқа Ұлы күн— біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі күні қарсаңына дәл келуінің де ерекше мәні бар.
Әскери құрылыстың тарихы егемен Қазақстан және оның Қарулы Күштері тарихының ажырамас белігі болып табылады. Отан қорғаушы күні егемен Қазақстанның қалыптасу жылдарында біздің еліміздің елеулі, маңызды оқиғалары арасында лайықты орынға ие болды. Ол қазақ даласы перзенттерінің ерлік шежіресін, ұрпақтардың үздіксіз байланысын, Отанға жанқиярлық қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.
Қазақстандықтардың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде корсеткен қайсарлығы мен ерлігі Отанға адал қызмет етудің үлгісі болып табылады. Ең сұрапыл соғыстың барлық майдандарында 1 200 000-нан астам қазақстандықтар шайқасты.
Бүгін біз Жеңіске 62 жыл толу мерекесін атап өтудеміз және майданға қатысқандар үшін әрбір жыл — мерейтойлы екенін түсінеміз.
Біз Екінші дүниежүзілік соғыс сарбаздарының ерлігі мен жанқиярлығы алдында басымызды иеміз. Ерлік көмескіленбейді, оның шапағаты жылдар еткен сайын сәулелене түсуде.