2007 жылғы Алматы қаласының бюджеті туралы» III сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVIІ-ші сессиясының шешімін жүзеге асыру туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы № 8/1575 қаулысы
III сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVП-ші сессиясының шешіміне сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2006 жылга арналған қалалық бюджет орындауға 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде қабылдансын:
1) кірістер - 144 244 438 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 122 368 939 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 924 712 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 090 000 мың теңге;
республикалық бюджеттен берілетін ресми тансферттердің түсімі - 5 860 787мың теңге;
2) шығындар - 139 209 729 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 5 034 709 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - -1 354 256 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 354 256 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 403 430 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 358 663 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 762 093 мың теңге.
6) бюджет профициті - 6 792 395 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - 6 792 395 мың теңге, оның ішінде:
қарызды өтеу - 6 792 395 мың теңге.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері:
1) бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын жасап, заңда белгіленген тәртіп бойынша бекіту үшін Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне 2006 жылдың 26 желтоқсанына дейін тапсырсын;
жылдық тағайындалым шегіндегі міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын Алматы қаласының қаржы департаментіне 2006 жылдың 28 желтоқсанына дейін тапсырсын;
2) бұрын қазынашылық департаментінде тіркелген, бірақ 2006 жылы аяқталмаған азаматтық-құқықтық келісім шарттарды міндетті түрде қайта тіркеуден өткізгеннен кейін жылдық тағайындалымдар шегінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық келісім шарттарының белгіленген тәртіп бойынша тіркелуін қамтамасыз етсін;