«2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы»
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2006 жылғы
21 желтоқсандағы № 39-4 шешімі
(2007.27.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2007 ж. 11 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 85 бабы, облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33-30 «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (2006 жылғы 21 желтоқсандағы тіркеу № 2977) шешімі негізінде Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2007.27.02. № 40-3 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Кірістер - 7 199 194 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 084 134 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 82 139 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 550 417 мың теңге;
трансферттерден тұсетін түсімдер - 3 482 504 мың теңге;
Шығындар - 9 273 088 мың теңге;
Операциялық айырым - -2 073 894 мың теңге;
Таза бюджеттен кредиттеу - 0;
Қаржы активтер операциясымен айырым - 0;
Бюджет тапшылығы (профициті) - -2 073 894 мың теңге;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 073 894 мың теңге, соның ішінде:
Қарыздар түсімі - 1 100 000 мың теңге;
Қарыздарды өтеу - 0;
Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 973 894 мың теңге.
2. 2007 жылға арналған қалалық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі, Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңы, облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33-30 «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі негізінде және осы шешімнің 4 тармағына сәйкес қалыптасады.
3. Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабы басшылыққа алынсын.