«2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/305-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 29/329-III шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 27/305-III шешіміне (1946-нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 97 195 377 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 899 239 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 124 304 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 805 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 84 170 029 мың теңге;
2) шығындар - 98 241 310 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 1 045 933 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - - 4 351 089 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 065 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 6 416 089 мың теңге;
5) Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
25 000 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 25 000 мың теңге;
6) бюджет профициті - 3 280 156 мың теңге;
7) бюджет профицитін пайдалану - - 3 280 156 мың теңге.»;