Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 398 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қабылданды - 2007 ж. 29 маусымдағы № 269-ІІІ ҚР Заңың қара
1-бап. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 86-құжат; № 16, 97-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16-құжат; № 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 23-баптың 2-тармағында «шикі мұнайды және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын» деген сөздер «мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ конденсатын өткізетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 46-бапта:
1-тармақта:
9-1) тармақша «қызметін» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
32) тармақшадағы «мемлекеттік баж» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы»;
2-тармақта:
4) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «республикалық» деген сөздің алдынан «мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;