Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы
ҚР Үкіметінің 2007.19.05 № 393 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия екі ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже Кеңес қызметінің құқықтық негізін құрайды.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері
5. Кеңестің негізгі міндеттері: