Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы
ҚР Үкіметінің 2007.15.06. № 500 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, Ақорда, 2007 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын
ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында құрылды.
3. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Мемлекеттік комиссия төрағадан, екі орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
5. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.