Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару
жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұймдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі № 129 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әртараптандыру - Ұйымның активтерін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына олардың құндылығы төмендеу тәуекелін азайту мақсатында орналастыру;
2) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы рыноктарындағы жағдай өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдарының құны өзгеруі салдарынан болатын шығындардың пайда болу тәуекелі;
3) бэк-офис - негізгі функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есепте жасалған операцияларды тіркеу, Ұйымның қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын Ұйымның бөлімшесі;
4) бэк-тестинг - Ұйым бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдісі;