Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті
әзірлеу ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 537 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 шілдедегі № 1401 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Астана, Ақорда, 2007 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы № Жарлығымен
бекітілген
Республикалық бюджет жобасын және
төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу
ережесі
Осы Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу тәртібін айқындайды.
1-бөлім. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу
тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер