Введите номер документа
Прайс-лист

Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағын қолдануға қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № НК-УМ-2-14/5420 ХАТЫ

Информация о документе
Датапятница, 25 мая 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 25 мая 2007

Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағын қолдануға қатысты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің  2007 жылғы  25 мамырдағы
№ НК-УМ-2-14/5420 ХАТЫ

 

Облыстар,

Алматы және Астана қалалары бойынша,

«Ақпарат технологиялар паркі», «Оңтустік»,

«Ақтау теңіз порты», «Астана - Жаңа қала» АЭА

салық комитеттері, № 1 Аймақаралық салық комитеті

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағын қолдануға қатысты туындаған мәселелерге байланысты мыналарды хабарлайды.

Салық кодексінің 206-бабына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

Салық кодексінің 212-бабының 1-тармағында Салық кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан бо-сатылған және сату орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады деп көзделген.

Бұл ретте Салық кодексінің 211-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес тауарға қатысты өткізу бойынша айналым тауарға меншік құқығын, оның ішінде тауарды сатуға беруді білдіреді.

2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциядағы Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағына сәйкес, жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін, автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Осылайша, Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағында көзделген қосылған құн салығынан босату жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруге қолданылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами