«Вакциналармен және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің
2007 жылғы 11 маусымдағы № 358 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.12.11. № 702 Бұйрығымен күші жойылды
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17-бабының 13) тармақшасына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Вакциналармен және басқа да медициналық иммунобиологиялық препараттармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 маусымдағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2950 тіркелген, «Қазақстан Фармациясы» журналында жарияланған, 2004 жыл, № 8) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақта «(Б.С.Байсеркинге)» деген сөздер «(А.А.Белоногқа)» сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) қауіпсіз иммундау - алдын ала егу жүргізгенде емделушінің, иммундауды жүзеге асыратын медицина қызметкерінің, халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы;
2) қауіпсіз жинау мен жоюға арналған қораптар (контейнерлер) (бұдан әрі - ҚЖҚ) - пайдаланылған шприцтер мен инелерді жоюға дейін оларды қауіпсіз жинауға және сақтауға арналған суланбайтын және тесілмейтін ыдыстар;
3) вакцинадан кейінгі асқынулар - алдын ала егу салдарынан пайда болатын реанимациялық шараларды талап ететін денсаулық жай-күйінің ауыр, тұрақты бұзылуының клиникалық белгілері (дене қызуының 400С астам көтерілуі, анафилаксиялық шок, афебрилдік ұстама, менингит);