«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы № 34/3 шешімі
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ереже» 2005 жылғы 3 наурыздағы № 12/4 (тіркеу нөмірі - 2223, «Рудный Алтай» газетінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 42-43, «Дидар» газетінің 2005 жылғы 26 наурыздағы № 30-31 сандарында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
4 тармақтағы «және қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефонға абоненттік төлемнің артуы саласындағы байланыс қызметі» сөзі алынсын;
6 тармақ алынсын;