«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Индрустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы
№ 250 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 1286 қаулысымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлік қоғамдардың тәуелсiз директорларын іріктеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамның (бұдан әрі-Қоғам) құрамына тәуелсіз директорды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Баталов Асқар Болатұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, төраға; |
Супрун Виктор Васильевич | - | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
Тәшенов Бақытбек Кәкімұлы | - | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |