Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 6 наурыздағы № 41-2 «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы аясында Орал қалалық мәслихатының міндеттері мен ролі туралы» шешімінің 3 - тармағына Орал қаласы
прокурорының наразылығы туралы
Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 наурыздағы № 42-2 Шешімі
Мәслихат комиссияны заңсыз, өз құзыретін асыра пайдаланып құрған және осы арқылы прокуратура мен сот сияқты тәуелсіз мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға жағдай туғызған деген жорамалмен прокурордың Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының 2007 жылғы 6 наурыздағы № 41-2 шешімінің 3-тармағын бұзуды талап етуі жөніндегі Орал қаласы прокурорының 2007 жылғы 16 наурыздағы шығу № 7-1-669-07 наразылығын қарап, прокурор наразылығын алдын ала қараған мәслихаттың нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясының қорытындысы негізінде, Орал қалалық мәслихаты атап көрсетеді:
№ 41-2 шешімнің 3-тармағына сөзбе-сөз мағыналы түсінік беру мәслихаттың іс-әрекетінде прокуратура мен сот органдарының қызметіне араласу және баға беру ниетін қарастыруға негіз бермейді. Өз кезегінде, Орал қалалық мәслихатының 06.03.2007 жылғы № 41-2 шешімінің 3-тармағына қисынды және грамматикалық түсінік беру де наразылықта жасалғандай қорытынды істеуге негіз бермейді.
Сонымен қатар, наразылықта № 41-2 шешімнің 3-тармағының мәтінінен алынған нақты сөйлем, сөз немесе сөз тіркесі көрсетілмеген және оған наразалық білдірілмеген.
Сол бір мезгілде, наразылықта қалалық мәслихат № 41-2 шешімнің 3-тармағы арқылы сот пен прокуратура органдарының қызметіне араласуға жағдай туғызды деп пайымдалған.