Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі № 840 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат, № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Жауапты хатшылар»;
2) «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 561-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ант салтанатты жағдайда:
1) мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсыруымен өзге лауазымды тұлғаның (осы мемлекеттік органда жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға белгіленбеген жағдайда);
2) жауапты хатшының;