Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 208 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 320 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« | 85. | Заемшылардың - заңды тұлғалардың кредиттік досьелері | 10 жыл* | 10 жыл* | *шарт бойынша барлық міндетте-мелерді орында-ғаннан кейін және оның қолданылу мерзімі аяқтал-ғаннан кейін | »; |