Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 553/10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар қаласы әкімиятының 2007 жылғы 8 тамыздағы № 1085/18 қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008.08.04. № 424/10 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, 2007 жылғы арналған Павлодар қаласының бюджетін нақтылауға байланысты Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 553/10 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
3 - бөлімдегі «Біржолғы әлеуметтік көмек» 18 - тармақ:
23 - тармақшамен мынадай мазмұнда: «Алматы, Щучинск қалаларына санаторлық-курорттық емделуге Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жолақы құнын төлеу түрінде; Көмек мөлшері құнын төлеу бойынша Алматы қаласына бір демалушыға 11000 теңгеден артық емес, Щучинск қаласына бір демалушыға 5400 теңгеден артық емес. Төлем, берілген жол жүру билетіне сәйкес бірақ купе - вагон билетінің құнына артық емес, жылына бір рет жүргізіледі»;