ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі «Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы» ХХІV сессиясының № 268 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІ сессиясының 2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 9 шешімі
Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 195 шешімімен 2014 ж. 1 ақпанына дейін қолданылуы уақытша тоқтатылды (орыс тілдегі мәтінде 2015 ж. 1 қаңтарына дейін қолданылуы уақытша тоқтатылды); Алматы қаласы мәслихатының 2014 ж. 24 ақпандағы № 223 шешімімен 2015 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылуы уақытша тоқтатылды
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 319 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2006 жылғы 26 қыркүйектегі ХХІV сессиясының «Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2006 жылғы 2 қарашада № 716 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2006 жылы 18 қарашада және «Вечерний Алматы» газетінде 2006 жылы 30 қарашада жарияланған) № 268 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласының аумағында құрылыс жүргізудің Ережесінде:
1 тармақ келесі мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:
«жер учаскесін таңдау - нысаналы мақсатын және пайдалану тәртібін белгілеумен жер учаскесін анықтау;
«АлматықалжерҒӨО»ЕМК - «Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорны;