Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы
2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы
Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:
1) «Спектрлік теория және оның қолданылуы» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұқтарбай Өтелбаевқа;
2) «Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясын зерттеуді, олардың негізінде дәрілік заттар жасауды, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруды дамыту» жұмысы үшін:
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновке;