Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі
«Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
№ 553/10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Павлодар облысы
Павлодар қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1439/24 Қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008.08.04. № 424/10 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Жергілікті деңгейде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» № 115/4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы № 263/7 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 553/10 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
3-тараудағы 18-тармақта «Бір жолғы әлеуметтік көмек»:
17-тармақшадағы «80 жастан асқан зейнеткерлер» сөздері «ағымдағы жылда 80 жасқа толған және одан асқан зейнеткерлер» деген сөздерімен ауыстырылсын;
26 - тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын: ыстық және суық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электр энергиясын төлеу бойынша тұрғын үй - коммуналдық қызмет көрсетулер шығындарының орнын толтыру үшін жеке санаттағы азаматтарға көмек көрсету:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Ауғанстанда соғыс қимылдарына қатысқан әскери қызметкерлерге;
Чернобыл АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта неке құрмаған жесірлеріне;
«Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Құрсаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға;