Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Қаулысы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 55-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Регламентінің 1 және 175-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1. 55-1-тармақ алып тасталсын.
2. Мынадай мазмұндағы жаңа 3-1-тараумен толықтырылсын:
«3-1-тарау. Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде Конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша Республика Парламентінің функциясын орындау.
55-1. Сенат Конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша Республика Парламентінің функциясын орындайтын кезеңде заң шығару бастамасы құқығының субъектісі конституциялық заң немесе заң жобасының мәтінін Сенатқа мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қағаз және электронды жеткізгіштерде ресми түрде енгізеді.
Заң жобасына:
- заң жобасын арнайы жолдау нысанында енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған шешім;
- жобаны Үкімет енгізген немесе ол Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша енгізілсе, Үкіметтің қаулысы;
- егер заң жобасына Сенат депутаттары бастамашы болса, олардың ұсынуы;
- заңды қабылдау қажеттігінің негіздемесі, қабылданатын заң мақсаттарының, міндеттерінің, негізгі ережелерінің және болжамды экономикалық, әлеуметтік, заңдық, экологиялық салдарларының жан-жақты сипаттамасы бар түсіндірме жазба;
- заңнамалық актілерді Президенттің заңнамалық бастама тәртібімен енгізуінен басқа жағдайларда, егер заңды іске асыру шығындарды талап етсе, қаржылық-экономикалық есеп;
- Сенат депутаттары бастамашы болған, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды көбейтуді көздейтін заң жобасы бойынша Үкіметтің оң қорытындысы;
- ғылыми сараптаманың қорытындысы;