Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 Бұйрығы
(2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығару) ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты;