Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы
2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 қарашадағы № 250 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 ж. маусым айындағы № 9-10, 219-құж. жарияланған), Агенттік Басқармасының «Агенттігі Басқармасының»»Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге, Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген,) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: