Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(педриатриялық сала)
Алматы 2007 ж
Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
1. Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
2. Хаттама код: P-P-023
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): № 17.0 Тубулярлы некрозбен жүретін бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
4. АнықтамасыА: түрлі себептер салдарынан бүйрек негізгі функцияларының кенеттен жоғалуы [Папаян А.В., Цыбулькин Э.К., 1997 ж].
5. ЖіктемесіА:
Преренальді, ренальді, постренальді
Олигуриялық, неолигуриялық
Функционалдық, органикалық
Себептері бойынша (шок, уланулар, инфекциялар, бүйрек аурулары және басқа).
Асқынулар:
- гипергидратация синдромы;
- өкпе ісінулері;
- бас ми ісінулері;
- ми қанайналымының бұзылулары;
- гипертензиялық синдром;
- инфекциялық
6. Қауіп-қатерлі факторларА:
шок;
токсиндер (дәрілер, ауыр металлдар, аллергендер);
иммунологиялық факторлар (гломерулонефриттер және басқа);
инфекциялар;
дегидратация;
ГУС
7. Біріншілік профилактика: біріншілік аурудың барабар терапиясы, нефроуытты препараттар, аллергендер қабылдамау.
8. Диагностика критерилеріА:
8.1 шағымдар мен анамнез: ісінулер, зәршығарудың бөгелуі, себепші факторлардың әсерінен жіті дамитын артериалдық гипотония.
8.2 физикалық тексеру: ісінулер, олигоанурия, артериалдық гипотония.
8.3 лабораторлық зерттеулер: электролиттер концентрациясын (гипонатриемия, гиперкалиемия, гипокальциемия, гиперфосфатемия) және қан сарысуындағы креатининді (азотемия), қышқылдық-сілтілік жағдайды анықтау (метаболиттік ацидоз). Зәр анализінде - белок, эритроциттер және цилиндрлер.
8.4 инструменталдық зерттеулер:
- зәр жүйесі ағзаларын УДЗ: туа бітке ОМС аномалиялары - зәр жолдарының постренальді обструкциясымен, сонымен қатар бүйрек ісінулерімен шартталған, оның паренхимасын зақымдаумен жіті аурулармен байланысты гидронефроз;
- кеуде клеткасы ағзаларының ЭКГ - (гиперкалиемия) және рентгенограммасы (іркілу/ісіну).
8.5 Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- кардиолог - жіті жүрек-қантамыр жүйесі жеткіліксіздігі кезінде;
- окулист - көз түбі қантамырларының жағдайы
- невропатолог - бас ми ісінулері, қан құйылу
8.6 дифференциалды диагноз: