Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері
1. Түсік түсірудің (аборттың) басқа түрлері
2. Хаттама коды: H-O-003
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): O05 Аборттың басқа түрлері
4. Анықтамасы: Заңсыз аборт - мұндай араласуға рұқсаты жоқ, көбінесе санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтамайтын мекемелерде жүктілікті үзу.
5. Жіктемесі: жоқ
6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл
7. Диагностика критерилері:
1. Жүктілікті анықтау (науқастың қанынан немесе зәрінен хороникалық гонадотриннің құрамына зертеу жүргізу);
2. Жатырдың қуысында ұрық жұмыртқасы тіндерінің қалдықтарының бар немесе жоқ екенін анықтау (УДЗ);
3. Жыныс жолдарынан әр түрлі қарқында қанды бөліністер болуы мүмкін;
4. Әр түрлі қарқында іріңді-қабыну үрдістері болуы мүмкін;
5. Заңсыз аборт асқынуының клиникалық көріністері.
8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жүктілік мерзімін етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап анықтау;
2. Науқастың қан сарысуындағы немесе зәріндегі хороникалық гонадотриннің құрамын анықтау;
3. Науқастың Қан тобы мен Rh - факторын анықтау;
4. Жатыр мен жатыр мойынын іншекішілік қондырғымен УДЗ жасау;
5. Қанның жалпы анализі (гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер, лейкоциттік формула);
6. Коагулограмма;
7. АИТВ - на (ВИЧ) қанды зерттеу;
8. Мерезге қанды тексеру;
9. Зәрдің жалпы анализі;
10. Тазалық деңгейіне жағынды алу
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. ЭКГ;
2. Анестезиологтың консультациясы;
3. HbsAg Анти HCV
Госпитализациялау алдындағы қажетті зерттеулер: Патологияның шұғыл сипатын ескерсек, науқасты алдын ала тексеру қажет емес. Кешенді тексеру тізімге сәйкес стационарда жедел көмекпен қатар бір мезгілде қатар жүргізіледі.
9. Емдеу тактикасы: Емдеу тактикасын қабылдамай тұрып клиникалық мәліметтер негізінде науқастың гестациялық жасын және УДЗ нәтижелерін дәл анықтап алу керек (соңғы етеккірдің тоқтауының бірінші күнінен бастап).