Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Жатырдың қатерсіз ісік ауруларының басқа түрлері
1. Жатырдың қатерсіз ісік ауруларының басқа түрлері
2. Хаттама коды: H-O-004
4. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
D26 Жатырдағы басқа да қатерсіз ісіктер
D26.0 Жатыр мойны
D26.1 Жатыр денесі
D26.7 Жатырдың басқа бөліктері
D26.9 Жатырдың анықталмаған бөліктері
4. Анықтамасы: Жатыр мойнындағы және денесіндегі кілегей қабықтарынан немесе жалғастырғыш тіндер элементтерінен пайда болған қатерсіз ісіктер.
5. Жіктемесі:
Жатырдың қатерсіз ісіктерінің жіктемесі:
1. Миомерия ісіктері;
2. Эндометрия гиперплазиясы;
Миомерия ісіктерінің жіктемесі:
1. Өсу бағытының шоғырлануы бойынша:
-Құрсақастылық (сірілік)- сірілі қабық астындағы миомотоздық түйіннің құрсақ қуысына қарай (құрсақ ішілік орналасу, ішкі байланыстық орналасу) өсуі.
-Кілегей қабық астылық (субмукоздық) - кілегей қабық астылық миомотоздық түйіннің ағзаның қуысына қарай өсуі (жатыр қуысына, туатын, туған).
-Қабырғаішілік (интерстицальды) - түйіннің жатырдың қалың бұлшықет қабатына қарай өсуі (жатыр денесінде, жатыр мойнында)
2.Клиникалық көрінулері бойынша:
- Байқалмаған жатыр миомасы (70-80% жағдайда)
-Байқалған жатыр миомасы (20-30% жағдайда) - жатыр миомасының клиникалық көрінулері (етеккір циклінің менометроррагия, дисменоррея типті бұзылуы; әр түрлі дәрежеде байқалған және сипатты ауру синдромы, (созылыңқы, толғақ тәрізді); жамбас ағзаларының қысылу немесе қызметінің бұзылуы белгілері; бедеулік; бала көтермеудің әдетке айналуы; екіншілік қаназдық).
Эндометрия гиперплазиясын гистологиялық құрылысы бойынша жіктемесі:
1. Кистатық
2. Аденоматозалық
3. Атипті
Жатыр мойнындағы қатерсіз өзгерістердің жіктемесі:
1. Наботиев кистасы
2. Жатыр мойыны полипі
3. Жатыр мойыны кондиломасы
4. Жатыр мойынының диспластикалық өзгерісі: жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі.
6. Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Менометроррагия
2. Жатыр өлшемі 12 аптадан астам