Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары
(акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін)
Алматы 2007 ж.
Жалған толғақтар
1. Жалған толғақтар
2. Хаттама коды: H-O-006
3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
О47 Жалған толғақтар
О47.0 Жүктіліктің толық 37 апта кезеңіндегі жалған толғақтар.
О47.1 Жүктіліктің толық 37 аптасынан басталған жалған толғақтар.
4. Анықтамасы: Жалған толғақтар - ауру сезімі қоса жүретін, бірақ жатыр мойны құрылымын өзгертпейтін (жатыр мойнының ашылуы), жатырдың анда-санда жиырылуы.
5. Жіктемесі:
Патологиялық прелиминарлық кезең - ұзақтығы 6 сағаттан аса.
6. Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлы
7. Диагностика критерилері: іштің төменгі жағындағы тұрақты ауырсынулардың болуы, жатыр мойнағының ашылмауы.
8. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іштегі нәресте маңындағы судың бар-жоғын тексеруге қырынды алу - нитразиндік тест немесе «папоротник» симптомы.
2. Зәрдің жалпы анализі.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Іштегі нәрестенің кардиотокографиясы.
2. HbsAg
3. Анти HCV