Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсын өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы (бұдан әрі - конкурс) бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және енгізуге бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік мәселелерді шешуіне назар аудару;
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде конкурс лауреаттары атақтары жыл сайын үш санатта:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі бойынша беріледі.
3. Үміткерлер Комиссияға қоғамның және жеке кәсіпкерлік субъектісінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар түріндегі өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ең үздік үлгілерін растауға тиіс.
Бағдарламалар мен жобаларға үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
«Парыз» конкурсын өткізудің тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) - конкурстың ұйымдастырушылары болып табылады.
5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаты атағына үміткерлер материалдарды осы Ережеге сәйкес рәсімдейді және ұйымдастырушыларға ұсынады.
6. Үміткерлерге қойылатын талаптар: