Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы»
№ 55/3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының2008 жылғы 5 наурыздағы № 95/4 шешімі
Павлодар облысы Әділет басқармасының 2009 жылғы 18 наурыздағы № 4-06/1966 хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 91 және 111-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДI:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы» № 55/3 шешіміне (4 сайланған 3 кезекті сессия), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-100 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 қаңтардағы № 3 «Сарыарқа самалы» және 2008 жылғы 7 қаңтардағы № 1 «Версия» газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«көрсетілген шешімнің 1 тармағы 1) тармақшасындағы «18 387 364 000» (он сегіз миллиард үш жүз сексен жеті миллион үш жүз алпыс төрт мың) сандары «19 989 876 000» (он тоғыз миллиард тоғыз жүз сексен тоғыз миллион сегіз жүз жетпіс алты мың) сандарына ауыстырылсын;
«57 824 000» (елу жеті миллион сегіз жүз жиырма төрт мың) сандары «1 660 336 000» (бір миллиард алты жүз алпыс миллион үш жүз отыз алты мың) сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы 2) тармақшасындағы «18 367 890 000» (он сегіз миллиард үш жүз алпыс жеті миллион сегіз жүз тоқсан мың) сандары «20 328 821 000» (жиырма миллиард үш жүз жиырма сегіз миллион сегіз жүз жиырма бір мың) сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1тармағы 3) тармақшасындағы «19 474 000» (он тоғыз миллион төрт жүз жетпіс төрт мың) сандары «338 945 000» (үш жүз отыз сегіз миллион тоғыз жүз қырық бес мың) сандарына ауыстырылсын;