Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі жедел ақпараты
2008 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6% құрады
пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
| | 2008 жылдың наурызы | 2008 жылдың қаңтар-наурызы 2007 жылдың қаңтар-наурызына |
| 2008 ж. ақпанына | 2007 ж. желтоқсанына | 2007ж. наурызына |
| Барлық тауарлар мен қызметтер | 0,6 | 2,5 | 18,7 | 18,7 |
| Азық-түлік тауарлары | 0,9 | 3,7 | 27,1 | 26,8 |
| Азық-түлік емес тауарлар | 0,3 | 1,6 | 11,2 | 11,2 |
| Ақылы қызметтер | 0,4 | 1,8 | 13,7 | 14,3 |
Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсімі көкөністерге - 4,2%, жемістерге - 1,6% құрады. Нан және жарма өнімдерінің бағасы 1,2%, ал макарон өнімдері - 2,7%, ұн - 2,4%, жармалар - 0,9%, нан - 0,3%-ға өсті. Сүт өнімдері және қант - 0,7%-дан, балық - 0,5%, ет өнімдері - 0,1%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 1,5%, май және тоң майға - 0,6%-ға тіркелді.
Киім және аяқ киімнің бағасы - 0,6%, үйге қажетті заттар, кітаптар мен газеттер - 0,4%-дан өсті. Жуғыш және тазалағыш құралдарға баға деңгейі - 0,8%, жеке басқа арналған гигиеналық тауарлар - 0,5%, медициналық дәрі-дәрмектерге - 0,2% жоғарылады. Бензин бағасы 0,2%-ға арзандады.