«Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 ақпандағы № 87 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 94 Бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4627 болып тіркелген, Заң газетінде 2007 жылғы 25 мамырда № 78 (1281) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«Қазынашылық комитеті осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге, демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашуға;
2) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге шетел валютасындағы шоттарды ашуға рұқсаттар береді.
Жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ-ны ашуға рұқсаттар береді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын: