Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 5757 қаулысына
9 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Жер телімдеріне уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актілерді ресімдеу»
1. Негізгі ережелер
1. Уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актілерді ресімдеу - сәйкестендіру құжатын - уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актін беру - (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағының 13) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Ушанов көшесі, 27 мекенжайында орналасқан, www.oskemen.kz сайты, «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану құқығын беретін актіні беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - екі жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 30 минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы ақпарат Ушанов көшесіндегі, 27 мекенжайда орналасқан Бөлімнің ақпарат тағандарында, www.oskemen.kz қаланың ресми сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде орналастырылған.