Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Өскемен қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 21 ақпандағы
№ 5757 қаулысына
10 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актіні ресімдеу»
1. Негізгі ережелер
1. Уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актіні - сәйкестендіру құжатын беру - уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актіні (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ресімдеу.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабының 3-тармағының 13) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Ушанов көшесі, 27 мекенжайында орналасқан, www.oskemen.kz сайты, «Өскемен қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығын беретін актіні беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - тұтынушы).
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімі:
1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - екі жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 30 минут;
3) құжаттарды алу кезінде кезектегі ең жоғарғы жіберілетін күту уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты туралы ақпарат Ушанов көшесіндегі, 27 мекенжайда орналасқан Бөлімнің ақпарат тағандарында, www.oskemen.kz қаланың ресми сайтында, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет келесі күндер мен сағаттарда көрсетіледі: дүйсенбі, сәрсенбі 9-00 - 18-00 дейін, үзіліс 13-00 - 14-00 дейін. Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын-ала жазылмайды, жедел қызмет көрсетілмейді.