«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 02-02/12 Бұйрығы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен күші жойылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4834 нөмірімен тіркелген, 2007 жылдың 24 тамыздағы № 130 (1159) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесінде:
2-тармақтың екінші абзацындағы «- бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы орталығының қатысушылары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылады.»;
5-тармақтағы «қаржы орталығының қатысушыларын» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта «тіркеуші органның заңды тұлғалар Реестрі» деген сөздер «Реестр» деген сөзіне ауыстырылсын;