Қостанай облысы, Қостанай қаласының №2 сотының өтініші бойынша
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі №310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы тармақшасының
конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты И.Ә.Әміровтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Қ.Сәрпековтің,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтің,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы М.Т.Әлімбековтің,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қостанай облысы, Қостанай қаласының № 2 сотының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағын және 25-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.